С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !
ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Поэзия патшайымы
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Жыр құлагері
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Жүйеге кіру



Тіркелу
Ауа-райы
Статистика
Пользователи : 3278
Статьи : 519
Просмотры материалов : 1391119
Қазір сайтта
Сейчас 71 гостей онлайн
Кәсіптік қызмет

Семинарлар, кеңестер

негізгі

2016 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 27-28 қазан күндері С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы және Алматы аймақтық кітапханасында әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Алматы облысы кітапханаларының 2015-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мәңгілік Елдің кітапханалық идеясы» тақырыбында облыстық кітапханашылар байқауы өтті. Еліміздің Тәуелсіздік алған жылдан бері Алматы облысы мәдениетінің маңызды саласы ретінде кітапханалардың ақпараттық кеңістігінің қалыптасуын насихаттау, кітапханалардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіру, жаңашыл бағдарламалар мен кітапханалық қызметтерді дамытуға ықпалдасу мақсатында өткен байқауға Алматы облысының қалалық, аудандық кітапханаларынан шығармашылық белсенді 50 кітапхана мамандары қатысты.


Байқауға қатысушы Алматы облысының аудандық, қалалық және ауылдық кітапханаларының кітапханашыларына шығармашылық тапсырмалар ұсынылып,«Кітапханалық жоба», «Кітапханалық дәріс» (Кітапханалардың өзекті мәселелері), «Кітапханалық дебат» (Кітапхана мамандығының болашағы) тақырыптарында  бірнеше кезеңмен өтті. Шара барысында кітапханалардың инновациялық жобалары таныстырылып, пікіралмасулар өткізіліп,  топтық  тапсырмалар  орындалды. Алакөл, Іле аудандарының шығармашылық топтары 1-ші орын жеңіп алса, 2-орынды Панфилов аудандық, Қапшағай қалалық кітапханасының кітапханашылары және 3-орынды Талдықорған, Балқаш орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары иеленді. «Ерекше кітапханалық идея»номинациясын Талғар ауданының кітапханашысы З.Кисимова және Текелі қаласынан кітапханашы И.Вандакурова иеленсе, «Ең қызықты мәдени шараның жаңа түрі» номинациясына Сарқан ауданының кітапханашысы Г.Бекбосынова мен Ұйғыр ауданының кітапхана маманы Ж.Бақаева ие болды. Қарасай ауданынан байқауға қатысқан тәжірибелі маман М.Дәулетхановаға «Шығармашылық ізденістегі кітапханашы» номинациясы берілді. Осы номинация бойынша Кербұлақ ауданының жас маманы  Қ.Ержігітова да марапатталып, шара соңында әділқазылар қорытындысы бойынша кітапханашыларға сый - сияпат табысталды. 


2016 жыл

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваның басшылығымен және зиялы қауым өкілдері профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім, жазушы-ғалым, профессор Тұрсын Жұртбай,  ақын Несіпбек Айтұлының қатысуымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАСЫ: ЖАСТАР СТРАТЕГИЯСЫ» атты Республикалық Жас кітапханашылар форумы аясында республиканың өзге өңірлерінен келген жас кітапханашылар С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасына аяқ басып, кітапхананың бүгінгі тіршілігімен, кітапхана тарихы және Жетісу өңірінің бай тарихымен танысты. Кітапханаға экскурсия аяқталысымен, форумға қатысушылар әкімнің орынбасары Б.Өнербаевтың  қабылдауында болып, Тіл сарайында С.Сейфулин атындағы кітапхананың әзірлеуімен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кең көлемді кітап көрмесін тамашалады. Форум жұмысын Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев ашып, әкімнің қолдауымен жарыққа шыққан кітаптар туралы және кітапхана мен кітапханашы рөліне тоқталды.

Қазақстандағы кітапханалардың жай-күйін, өзекті мәселелерін талқылау, кітапханаларға жас мамандарды орнықтыру, кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, алыс-жақын шетелдердегі кітапхана істерімен жете танысу, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға ұсыну, келешегінен үміт күттіретін мамандарды анықтау мақсатында «ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАСЫ: ЖАСТАР СТРАТЕГИЯСЫ» атты Республикалық Жас кітапханашылардың форумы өз жұмысы барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан және Астана, Алматы қалаларының кітапхана мамандары өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, конференция барысында білім бағыты, басылым ісі, құқықтық ақпарат қызметінің көрінісі, болашақтағы электрондық кітаптар, заңнамалық мәселелер, халықты электрондық және баспалық ақпаратпен қамтамасыз ету, кітапхана ісіне инновациялық жобаларды тарту, сирек кітаптар мен қолжазбаларды ғылыми зерттеу мәселелері бойынша сұрақтарды қарастырды, тың ойларымен бөлісті.

Жазушы-ғалым, профессор Тұрсын Жұртбай кітапхана қасиетіне тоқталып, сирек кітаптар мұражайын ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірсе, ақын  Несіпбек Айтұлы Алматы облысының әкімдігіне алғысын білдіре отырып, кітап оқудың төмендеуіне байланысты кітапхана рөлін көтеру қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ,   профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім «Бір ел – бір кітап» акциясы оқуға тартудағы басты жоба екендігін айтып, биылғы таңдау Дулат Бабатайұлының шығармашылығын оқу арқылы тәуелсіздіктің құндылықтарын түсінуге көмектесетінін айтты. Профессор жастарды қазақша сөйлеп, қазақша оқуға шақырды.

«ХХІ ғасыр кітапханасы: жастар стратегиясы» тақырыбындағы Жас кітапханашылар форумы – кітапханашылардың ғана емес, бүтін Жетісулық қауым үшін үлкен мереке болып өтті. Қазақстанның өзге өңірінен келген жас мамандар ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, осындай форум арқылы біліктіліктерін дамытатынын, өз іс-тәжірибелерінде қолданатынын айтты.

Кітапхана – әлемге және оқиғаларға апаратын, сөз шеберлігін үйрететін, білмегенді танытатын  есік және ғылымның жұмағы,  ал жас мамандардың кітапхана ісін дамытуға қосар үлесі, орны ерекше екендігін, жас мамандардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, ұжымда позитивті жұмыс дәстүрін қалыптастыру, кітапхана мен оның қызметкерлерінің иммиджін нығайтуда бүгінгі бас қосып отырған форумның атқарар рөлі зор екенін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы өз сөзінде жеткізді.

Шара соңында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Алматы облысы кітапханалары мамандарын «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және ҚР Мәдениет министрлігінің «Алғыс хаттарымен» марапаттап, жұмыстарына келелі табыстарға жетуін тіледі.

 

2016 жыл

sem.jpg - 41.56 Kb2016 жылдың 22 қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Облыс кітапханаларының 2015 жылдық есеп қорытындысы» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Семинарды  кітапхана директоры М.Нұрғалиева «Облыс кітапханаларының қазіргі жағдайы мен келешегі» атты баяндамамен ашты.

sem1.jpg - 40.16 KbКітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Есимованың «Облыс кітапханаларының 2015 жылдық есеп жұмысының қорытындысын саралау», әдіскер Қ.Алтынбекованың «Облыстағы балалар кітапханаларының есеп жұмысын талдау» туралы баяндамалары тыңдалды. Жарыссөзге Кербұлақ аудандық кітапхана директоры Б.Нұрбаева, Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Ғ.Тоқабаева шығып сөйледі.

sem2.jpg - 38.90 KbСеминар барысында 2015 жылы жарияланған «Өлкенің танымал тұлғалары» атты облыстық үздік библиографиялық көрсеткіш байқауының жүлдегерлері марапатталды. Бас жүлде Қапшағай қалалық кітапханасына, І орын Талғар аудандық кітапханасына, ІІ орын  Ақсу, Панфилов аудандық кітапханаларына, ІІІ орын Райымбек аудандық, Текелі қалалық кітапханаларына Диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылса, ынталандыру сыйлықтарына Балқаш, Жамбыл, Іле, Кербұлақ, Қарасай, Сарқан аудандық кітапханалары ие болды.

sem3.jpg - 37.87 KbСеминар-кеңесті облыстық кітапхана директоры М.Нұрғалиева қорытындылап,  аудан, қала директорларына 2016 жыл жоспарын атқарғанда 2015 жыл есебіндегі кемшіліктерінің  ескерілуін талап етті.

 

 

2015 жыл

madeni_kyni kitaphanada2.jpg - 7.62 Mb

2015 жылы 21 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасында 2014 жыл қорытындысы бойынша «Облыс кітапханаларының жағдайы мен келешегі» атты облыстық семинар-кеңес өтіп, аудандық, қалалық кітапхана директорлары, облыстық кітапхана мамандары қатысты. Кітапхана директоры М.Нұрғалиева кітапханашыларды кәсіптік мерекелерімен құттықтап,«Облыс кітапханаларының 2014 жылдық жұмыс қорытындысы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы» баяндама оқыды. Кітапхана әдіскері Ж.Дулыханованың «Облыс кітапханаларының есеп жұмысындағы жетістіктері мен кемшіліктері» туралы  баяндамасы талқыланып, кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Искакованың «Кітапханалық блогтардың кітапхана қызметіндегі рөлі», кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі С.Аханованың «КАБИС: кітапханаларды автоматтандыру жүйесін жүзеге асыру тәжірибесі мен ҚазҰЭҚ қорына Жетісу ақын-жазушылар кітабының енгізілуі» туралы баяндамалары тыңдалды.

madeni_kyni kitaphanada1.jpg - 109.34 KbСеминар барысында 2014 жылы жарияланған «Ілияс ізбасарлары» атты әдеби-мультимедиалық байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде Ақсу аудандық кітапханасы, І орын Қарасай аудандық кітапханасы, ІІ орын  Еңбекшіқазақ, Ескелді аудандық кітапханалары, ІІІ орын Іле, Сарқан аудандық кітапханаларына бағалы сыйлықтар тапсырылса, ынталандыру сыйлықтарына Балхаш, Қаратал, Кербұлақ аудандық кітапханалары, Қапшағай, Текелі, Талдықорған қалалық кітапханалары ие болды. Сондай-ақ, 2014 жыл қорытындысы бойынша және 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық кітапханалар мен  бірқатар кітапхана қызметкерлері облыстық кітапхана директорының «Алғыс хатымен» марапатталды. Семинар-кеңесті облыстық кітапхана директоры М.Нұрғалиева қорытындылап, алдағы істеріне бағыт-бағдар берді.

 

2014 жыл

2014 жылы 15-қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасында «2014 жыл қорытындысы. Кітапхана қорлары электронды дәуірде: Дәстүрлі және электронды ресурстар» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Семинарға аудандық, қалалық кітапхана директорлары, облыстық кітапхана мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша облыстық кітапхана директоры М.Нұрғалиева «Облыс кітапханаларының 2013 жыл қорытындысы бойынша атқарған шаралары» туралы,  облыстық кітапхана әдіскері Ж.Дулыханова «Облыс кітапханаларының есеп жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау» туралы баяндамалары тыңдалды.

Кітапхана қорларын электронды ктаталогқа енгізу бойынша облыстық кітапхананың библиографы М.Масалимова, кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі С.Аханова, кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Искакова электронды ресурстарды тиімді пайдалану бойынша кеңестер берді.

Семинарға  облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы  Р.Есдәулетов қатысып, кітапхана саласының жұмысына кеңінен тоқталды, алдағы істеріне бағыт-бағдар берді.

Марапаттау рәсімінде «Кітапхана және отбасы» атты облыстық фотобайқау қорытындысы бойынша аудандық кітапханалар заттай сыйлықтар иеленсе, кітапханашылар «Алғыс хаттар» мен грамоталармен марапатталды.

Семинар- кеңес жұмысын облыстық кітапхана директоры М.Нұрғалиева қорытындылады.

 

2013 жыл

2013 жылы  21 ақпан күні «2012 жыл қорытындысы. Ақпараттық қоғамдағы кітаптың әлеуметтік және мәдени маңыздылығын арттыру» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына 55 адам қатысты.
Күн тәртібінде:
І. Облыс кітапханаларында 2012 жылы атқарылған шаралар мен алдағы міндеттер.
ІІ.Кітап оқудың әлеуметтік маңызын арттыру.
ІІІ. Марапаттау рәсімі
Күн тәртібіндегі І мәселе бойынша кітапхана директоры М.Нұрғалиева «Облыс кітапханаларының 2012 жылдың қорытындысы  бойынша атқарылған шаралар» атты баяндама оқыды. Жарыссөзге шығушылар  әдіскер К.Биғалиева «Есеп жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктер» бойынша саралау нәтижесін, әдістеме бөлімінің меңгерушісі А.Исмағұлова «Облыс кітапханашыларын аттестаттау қорытындысы» бойынша мәлімет берді.
Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша Панфилов аудандық кітапхана директоры Ж.Алдабергенова  «Отбасылық оқулар  дәстүрін қайта жаңғырту» атты баяндама оқып, жарыссөзге Қаратал аудандық кітапхана директоры Г.Сембекова, Қапшағай қалалық кітапхананың кітапханашысы П.Мұхаметқалиева, Жамбыл аудандық кітапхана директоры Б.Ибрайжановалар кітап оқу мәдениетін арттыру жайлы өз пікірлерін білдірді. Марапаттау рәсімінде 2012 жылы жарияланған «Үздік аудандық кітапхана» атты облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды.
Бас жүлде - Іле аудандық кітапханасы;
І орын - Жамбыл аудандық кітапханасы;
ІІ орын -  Қарасай аудандық кітапханасы;
ІІ орын - Балқаш  аудандық кітапханасы;
ІІІ орын - Талғар аудандық кітапханасы;
ІІІ орын -  Көксу аудандық кітапханасы;
Ынталандыру сыйлықтарына ие болғандар: Панфилов, Еңбекшіқазақ, Алакөл, Кербұлақ  аудандық кітапханалары. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша Қапшағай, Текелі қалалық, Қаратал, Райымбек, Ұйғыр,  аудандық кітапханалары «Алғыс хаттармен» марапатталды.

 

2012 жыл

•ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мамандарымен бірлесіп облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар – тренинг . (Талдықорған қ-сы, 14 наурыз 2012 жыл)  

Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мамандарымен бірлесіп облыстық семинар-тренинг өтті. Шараға аудандық, қалалық кітапхана директорлары мен библиограф, программист мамандар шақырылып, барлығы 60 адам қатысты.
Семинар - тренинг жұмысын облыстық мәдениет басқармасының бастығы Р.Есдәулетов мырза ашып, Алматы облысы кітапханаларының жағдайы туралы айта келіп, осы саланың жетістіктеріне тоқталып өтті. 2011 жылы 21 ауылдық кітапхана ашылып, 4 кітапхана модельді кітапхана мәртебесіне ие болды. Кітап қорын толықтыруда облыстық бюджеттен 30000,0 теңге бөлініп, Жетісу ақын - жазушыларының кітаптары шығарылды. Астана қаласында өткен мәдениет күндерінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Жетісулық ақын-жазушылар Сарыарқа төрінде» атты кездесу кеші жоғары деңгейде өткенін мақтанышпен атап өтті.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы кітапханаларды дамыту орталығының сектор жетекшісі А.Искакова Алматы облысы ҚР ММ қарасты кітапханаларының 2011 жылғы есебі бойынша жұмысына талдау жүргізе келіп, әр көрсеткіш бойынша кітапханалардың жағдайы әртүрлі деңгейде екенін таблица арқылы көрсетті. Атап айтқанда кітапханалар саны, кітап қоры, келушілер саны, кітап берілімі, кадр құрамы жағынан жоғары орындардың бірінде саналатын болса, жаңа ақпараттық технология бойынша 10-орында тұрғандығы әлі де оқырмандарға инновациялық қызмет көрсету барысы баяу жүргізіліп жатқаны белгілі. Сондықтан Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қызметін пайдалану, КАБИС бағдарламасының барлық модульдарымен жұмыс істеуді жүзеге асыру керектігі туралы кеңестер берілді. «Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапханасы» жобасы, «Электронды үкімет, «ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі сандық кітапхана» жұмысы туралы кеңес - Н. Жолдыбалинов, Г.Үсенова, ҚРҰАК Электронды ресурстарын басқару қызметінің мамандары «Кітапханалардағы аттестация мәселелері» туралы кеңес – кітапханаларды дамыту орталығының сектор жетекшісі - Искакова А. С. «Оқитын Еуразия» халықаралық фестивалі жобасының тұсаукесері, «Бір ел – бір кітап» акциясы - «2012 жыл таңдауы», «Кітап патшалығы» кәсіби жорнал туралы ақпараттар берілді.
Семинар тренингтің екінші бөлімінде 2011 жыл қорытындысы бойынша облыс кітапханаларының жұмысына талдау жүргізіліп, алдағы міндеттер белгіленді. Аудандық кітапхана директорлары жоспардан тыс модельді кітапханалар ашу туралы ұсыныстарын білдірді. Кербұлақ ауданынан Шанханай, Талғар балалар кітапханасы, Ескелді ауданы Қайнарлы, Іле ауданы КазЦик, Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылдық кітапханаларын модельді кітапханалар қатарына қосуға ұсыныс білдірді.
КАБИС бағдарламасының авторы К.Мамбеталиев облыс кітапханашыларына бағдарламаның 15 модулі бойынша мағлұматтар беріп, кітапханашыларды толғандырған сұрақтарға толымды жауаптар берді.
Облыстық кітапхананың директоры М. Нұрғалиева семинар жұмысын қорытындылай отырып, Астанадан келген мамандарға берген мазмұнды баяндамалары мен тәжірибелік кеңестері үшін ризашылығын білдірді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тарапынан кітапханашылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

2011 жыл

• 2011 жылдың І жартыжылдық есеп қорытындысы: «Облыс кітапханаларының жағдайы мен келешегі» (Талдықорған қ-сы, 2011ж.)

«Облыс кітапханаларының жағдайы мен келешегі» атты облыстық семинар 2011 жылдың І жартыжылдық есеп қорытындысын саралау туралы өтті. Кітапхана директоры М.Нұрғалиева облыс кітапханаларының қазіргі жағдайына тоқтала келіп, жаңадан ашылған 21 кітапхананың мат. тех. Базасы мен кітапханалық қызметі жайлы мәселе көтерді. Кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі А. Байзақова кітапханаларға түсіп жатқан кітаптардың оқырмандар сұранысына сәйкестігі, жетімділігі туралы сөз қозғаса, әдістеме бөлімінің меңгерушісі К.Биғалиева есеп қорытындысын саралаудағы кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталды.Семинар қорытындысында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты кітапханаларда атқарылып жатқан шаралар мен 20 жұлдызды күнде айырықша шаралар өткізу керектігі атап өтілді.


• ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми- талдау орталығы мамандарының жетекшілігімен Алматы облысы кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар - тренинг (Талдықорған қ-сы, 2011 ж.)

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми-талдау орталығы мамандарының жетекшілігімен Алматы облысы кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-тренинг өтті.
«Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбында - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітапханаларды дамыту орталығының әдіскері М.Кенжеева, Қаз ҰЭҚ мақсатымен таныстыру, жеке авторлармен кездесу, келісім шартқа қол қою шараларын жүзеге асыруда – электрондық қорларды басқару қызметінің сандау секторы жетекшісі – Г.Үсенова, «Кәсіби әлемге терезе» интернет қорларына шолу, «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызы туралы – кітапханаларды дамыту орталығының әдіскері – А.Мектепова, «Кітапханалар Интернетпен танысады: сандық анықтама қызметі және қашықтықтағы деректер базалары» туралы - ақпараттық – библиографиялық сервис қызметінің маманы А.Төлебаевалар баяндамалар оқып, іс-тәжірибелерімен алмасты.Осы семинар тренинг І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ғ.Орманов атындағы кітапханасында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының кітапханашыларымен өтті. Осы шара аясында Қызылағаш, Ақши ауылдық кітапханалары «Модельді ауыл кітапханасы» мәртебесін алса, Жамбыл аудандық кітапханасының базасында «Заманауи кітапхананың бүгінгі келбеті» атты тренингте ҚР Ұлттық Академиялық мамандары жеке авторлармен кездесіп, келісім шартқа қол қою рәсімін өткізді. Сондай-ақ белгілі ақын Н.Лушникованың «Қазақтың бір қызымын » атты кітабының беташары өтсе, екінші бөлімде күрделі жөндеуден өткен Ұзынағаш кітапханасы Жамбыл аудандық модельді кітапханасы атағын алды.

2010 жыл

• 2009 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Кітапханалар жаңа онжылдыққа жаңа өрлеу жолында» (Талдықорған қ-сы, 2010ж.)

• «Оқырмандарға кітапханалық – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа тенденциялары» (Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, ІІІ-тоқсан, 2010 жыл).

• Ш.Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына «Облыс кітапханаларында Шоқан еңбектерін насихаттау жұмыстары» (Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, ІV-тоқсан, 2010 жыл).


2009 жыл

• 2008 жыл қорытындысы: «Оқырмандарға компьютерлік технологиялар негізінде ақпараттық қызмет көрсетуді дамыту» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан, 2009 жыл).


• «Кітапханадағы патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары» (Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, ІІ-ІІІ-тоқсан сәуір 2009 жыл).

• «Ақпараттық технологияны игеру» (Талғар ауданы, Талғар қаласы, ІІІ-тоқсан, 2009 жыл).

• Облыстық кітапхананың 60 жылдығына «Кітапхана – руханият ордасы» ғылыми – тәжірибелік конференция (Талдықорған қ-сы, IV-тоқсан 2009 жыл).
мссс

• 2008 жыл
• 2007 жыл қорытындысы: «Ауыл кітапханаларында қызмет көрсету сапасын арттыру» (Талдықорған қ-сы, І- тоқсан 2008ж.)

• «Мәдени мұра бағдарламасының кітапхана ісіндегі маңызы» (Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 2008жыл)

• «Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың сана- сезімін қалыптастыру» (Талдықорған қалалық балалар кітапханасы, ІҮ-тоқсан 2008ж.)

2007 жыл


• 2006 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Қазіргі таңдағы кітапхана және оқырман.Жаңа бастама.Міндеттер» (Талдықорған қ-сы, 2007 жыл)

• 2007 жылдың І-жартыжылдық есебі бойынша «Кітап оқитын қоғам қашанда бәсекеге қабілетті » (Алакөл ауданы, Үшарал қаласы ІІІ-тоқсан 2007ж.)

• Ғ.Ормановтың туғанына 100жыл толуына орай ақын шығармаларын насихаттауда «Ғали ғибраты – ұрпаққа үлгі» ( Сарқан аудан, Сарқан қаласы, ІҮ-тоқсан 2007ж)



2006 жыл

• 2005 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Облыс кітапханаларының жағдайын саралау, өзекті мәселелерді шешу жолдары» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан,2006ж.)

• «Тәуелсіздік тағлымы: Уақыт және кітапхана» (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан,2006ж.)

• «Облыс кітапханаларында Жамбыл шығармаларын насихаттау» (Талдықорған қ-сы,
ІІІ-тоқсан,2006ж.)


2005 жыл

• Облыс кітапханаларының 2004 жылғы жұмыс есебін қортындылау жөнінде «Қазіргі таңдағы кітапхана ісі» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан 2005жыл)

• «Бүгінгі таңдағы облыс кітапханаларының кітап қорын сақтау және толықтыру шаралары» (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2005жыл)


2004 жыл

• «2003-2005 Ауыл жылдары»бағдарламасы аясында 2003 жылдың есеп қорытындысы
(Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2004 ж.)
• «Ауылды мәдениетке баулуда кітапхананың үлесі» (Қарасай ауданы, 2004ж.)



 

 

 

 


Рейтинг Mail.ру