С А Й Т Ы М Ы З Ғ А Қ О Ш К Е Л Д І Ң І З !
ҚР мемлекеттік рәміздері

"Жетісу балалар кітапханасы"
ҚР Ұлттық электронды кітапханасы
Поэзия патшайымы
1418 тәулік

uos.jpg - 12.18 Kb

Ардагерлерімізді ардақтайық
Қазақ хандығына 550 жыл
Жыр құлагері
Абай әлемі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

Азат елдің ақ таңы
ҚР Еңбек кодексі

konstitution1.jpg - 63.88 Kb

ҚР "Мәдениет туралы" Заңы

zanger.jpg - 17.43 Kb

Жүйеге кіру



Тіркелу
Ауа-райы
Статистика
Пользователи : 3278
Статьи : 519
Просмотры материалов : 1391121
Қазір сайтта
Сейчас 71 гостей онлайн
Жаңалықтар

«Өлеңін аялаған өр ақын»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде 19 шілде  күні жырларында қазақтың жарқын да парасатты болмысы тұнып тұрған, сыншыл да, сыршыл,  лирик ақын Ғ.Орманов шығармашылығын насхаттау мақсатында «Өлеңін аялаған өр ақын» атты поэзиялық кеш өтті.  Шараға кітапхана бөлімінің тұрақты оқырмандары қатысты. Ақынның шығармалары «Жүрегі толы жыр еді...» кітап көрмесінен  орын алды.  Сондай-ақ , тағлымды өлеңдері мен дастандары, берілген көп томдық шығармалар жинағына библиографиялық шолу жүргізілді.  

толығырақ

 

«Ауылым – алтын тұғырым»

18 шілдеде «Ауыл» ХДПП (халық-демократиялық патриоттық партиясы) Алматы облысы бойынша аумақтық филиалы «Ауылым – алтын тұғырым» атты 3 томдық кітапты С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасына сыйға тартты.Ауыл тақырыбына арналған жас ақын-жазушылар арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» шығармашылық бәйгесінде үздік танылған  поэзия, проза, драматургия жанрларындағы туындылар енгізілген үш томдық жинақ «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қолдауымен жарық көрген.

толығырақ

 

«Алаш деп ұран салған ақын

13 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай 2017 жылғы «Жыл кітабы» ретінде таңдалған көрнекті қазақ демократ ақыны С.Торайғыров шығармаларын насихаттау мақсатында «Алаш деп ұран салған ақын» атты ақпараттық шара өтті. 

толығыпақ

 

«Ән мен кітап»

Қазақстан Республикасы Халық жазушысы,Қырғыз Республикасының Халық ақыны, драматург Мұхтар Шахановтың 75 жасқа толуына орай 10 шілдеде С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Жастар саябағында «Ән мен кітап» атты  кітап марафоны өтті.

толығыпақ

 

«Әлем таныған Астана»

2017 жылы 4 шілдеде облыстық кітапхананың оқу залында тұрақты оқырмандар мен шақырылған қала тұрғындарының қатысуымен «Әлем таныған Астана» атты дөңгелек үстел өтті.Шарада «Астана - арман қала» атты слайд көрсетіліп, кітапхана библиогрофы Г.Түстебаева «Айбыны асқақ, тұғыры биік Астана» атты көрмеге библиографиялық шолу жасады.

толығыпақ

 

«Ел – жүрегі Астана»

Астана күніне орай  5-шілде күні «Қазақ соқырлар қоғамы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Айбыны асқақ Астана» атты мерекелік сазды кеш өтті. Айтулы іс-шараны Алматы облыстық соқырлар қоғамы төрағасы Ж.Б.Бекбаев ашып, қатысушыларды Астананың төл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ шараға арнайы шақырылған қонақтар «НПО Құрмет» қоғамдық бірлестігінен Р.А.Беришев, Л.М.Цой қатысты. Шараға С.Сейфуллин атындағы Алматы  облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім «Ел – жүрегі Астана» атты Астана тарихына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Астананың 19 жылдық тарихы кітап көрмесін құруға арқау болды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандар назарына елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды деректерге толы еңбектерді ұсынды.


Б. Салимбаева зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім меңгерушісі: Елорда туралы айтатын болсақ шолуды Н. Ә. Назарбаевтың "Еуразия жүрегінде" туындысынан Астана тарихынан бастайық, деп келіп Астана қаласының қалыптасу тарихына тоқталып кетті. Сондай-ақ  В.П.Патраковтың астананың саяси орналасу маңызын ашқан «Астана-начало Евразии», бұл өңірде билік құрған тарихи тұлғалар туралы мол мағлұматтар беретін А.Смайлдың «Астана ғасырлары» атты тарихи деректемелік туындысы, Ш. Шахайдың Елорданың кешегісі мен бүгінгісін көрсететін «Астана-қазақстанның жүрегі» фотоальбомы,

«Астана» және қазақстанға байланысты жеке саяси, тарихи кітаптарға кең орын берілген кітаптарға ерекше тоқталып кетті.  Сөреде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының кітаптары бөлек қойылған, өйткені, Елорда тарихы мен дамуы туралы мол мәлімет осы  орталықтың кітаптарында жинақталған. Сондай-ақ, оқырмандар арасында жаңадан жарық көрген "Астана" энциклопедиясының аса маңызды екенін айтылды. Ал, шағын жол сілтеме кітабы - әсіресе, сырттан келген қонақтар үшін таптырмас анықтамалық құрал. Мұнда қаладағы барлық нысандардың сипаттамасы, мекен-жайы мен телефонына дейін жазылған. Кітап 3 тілде жазылған.  Айнаш Абейбекова кітапхана қызметкері «Астана» энциклопедиясына жеке тоқтала келіп: - Бұл кітапта қала дамуының 3 кезеңі: Астананың алғашқы ұйымдастырылу кезеңі, одан кейін Астана қаласының тарихы, яғни 5 жыл ішінде орын алған өзгерістер, сәулет өнері, мәдениетке байланысты және экономикалық маңызды жаңалықтар қамтылған,- деп сөзін қорытындылады.«НПО Құрмет» қоғамдық бірлестігінен арнайы шақырылған қонақтар Р.А.Беришев өтіп жатқан шараның маңыздылығына тоқтала келіп,  кітапхана бөлімінің ұйымдастырған кітап-фото көрмесіне, шолуға ризашылығын жеткізді.  Л.М.Цой: өз тебіренісімді жеткізе алмаймын шараны тек көру керек, деп толғанысын білдірді. Шараны «Қазақ соқырлар қоғамы» мәдениет қызметкерлері ән-шашуларымен қыздыра түсті.

 

 

 

 

«Қайырылымдық - жылы жүректен»

kayirymdylyk4.jpg - 288.21 KbС.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 23 маусымда Шығыс шағын ауданында орналасқан Алматы облысы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Қайырылымдық - жылы жүректен» акциясы өтті.

толығырақ

 

«Жаңа кітаптар сіздер үшін»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының өнер бөлімінде қорға жаңа түскен кітаптарды оқырмандарға таныстыру мақсатында  22 маусымда «Жаңа кітаптар сіздер үшін» атты библиофреш өткізілді.

толығыпақ

 

«Мемлекеттік қызмет – үлкен абырой мен міндет»

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 16 маусымда облыстық кітапханада «Мемлекеттік қызмет – үлкен абырой мен міндет» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлеріне шолу жүргізілді.

толығыпақ

 

«Қазақ халқының ұлттық ойындарынан»

15 маусымда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен халқымыздың ұлттық ойындарының қалыптасу тарихы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отыратындығы туралы мағұлмат беру мақсатында мектеп лагерінің тәрбиеленушілеріне «Қазақ халқының ұлттық ойындарынан» атты дидактикалық ойын өтті.

толығыпақ

 

«Поэзия бұрышы»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Поэзия бұрышы» ашылды. Осыған орай, барлық жыр сүйер қауымның, жас ақындардың қарбалас тіршіліктен жырақта, тыныштықта бас қосып, ақындық сырларыңызды бөлісуге шақырамыз!

 

«Рухани керуен»

Тарихи, мәдени, діни құндылықтарды насихаттау мақсатында биылғы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан, қалалардың шалғай ауылдарына шығып, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау үшін облыстық кітапхана қызметкерлері ауыл тұрғындарына аудандық кітапханалармен бірлесіп, мәдени іс-шараларды өкізуді бастады.

Подробнее...

 

«Алдамшы рахаттың арбауында»

bestme_3.jpg - 55.61 Kb8 маусымда облыстық кітапхананың оқу залында тұрақты оқырмандардың, шақырылған қала тұрғындарының қатысуымен «Алдамшы рахаттың арбауында» атты мультимедиалық презентация өтті.

толығырақ

 

«Балғын балалық шақ»

1-маусым – Балаларды қорғау күнін жыл сайын өз деңгейінде атап өту «Қазақ соқырлар қоғамында» жақсы дәстүрге айналған. 2-маусым күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Балғын балалық шақ» атты мерекелік сазды кеш өтті.

толығырақ

 

«Егемен елдің мақтанышы - рәміздер»

1 маусым күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінде ҚР Рәміздер күніне орай «Егемен елдің мақтанышы - рәміздер» атты жиын өтті.

толығырақ

 

«Ұлттық қасіретті ұлықтай білу- ұлт болуымыздың кепілі»

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының №54380 әскери бөлімінде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлттық қасіретті ұлықтай білу- ұлт болуымыздың кепілі» атты шара өтті. Жаппай қуғын-сүргін жылдары құрбан болған халық өкілдерін, намысшыл мызғымас рухымен ерекшеленген ұлттың зиялылар толқынын еске алу, үлкен ізет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға №54380 әскери бөлімнің қызметкерлері мен облыстық кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара бір минут саяси құрбандарды еске алумен басталып, кітапханашы М.Тұяқова 31 мамыр күнінің тарихи маңыздылығына тоқталды.

толығырақ

 

"Өңіраралық ынтымақтастық" онлайн кездесу

online_konf.jpg - 319.98 Kb30 мамырда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының өңіраралық ынтымақтастық шаралары аясында онлайн кездесу өтті. Семинарға ШҚО Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана, Талдықорған ОҚЖ қызметкерлері қатысты.

толығырақ

 

«Ұлттық қасіретті ұлықтай білу – ұлт болуымыздың кепілі»

2017 жылдың 26 мамыр күні Талдықорған  қаласы Ардагерлер үйінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері «Ұлттық қасіретті ұлықтай білу – ұлт болуымыздың кепілі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады.

толығырақ

 

«Қасіретті жылдар жаңғырығы»

2017 жылдың 25 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебеап кітапханасында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға «Жазықсыз жапа шеккендер» атты кітап  көрмесі қойылып, кітапханашы  М.Тұяқова библиографиялық шолу жүргізді.Мектеп оқушылары мен кітапханашылар қатысқан ақпараттық сағатта мерізімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Р.Қаймолдаева сөз алды.

толығырақ

 

«Қызыл жендет құрбандары - Сәкен, Ілияс, Бейімбет»

С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының оқу залында сағат 15.00-де кітап қорын сақтау бөлімінің кітапханашысы Л.Құрманова «Үш бәйтерек» Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлинге арналған «Қызыл жендет құрбандары - Сәкен, Ілияс, Бейімбет» - атты тарихи танымдық сағат өткізді.Ұлағатты адамдардың өмірі мен шығармашылық жолын оқырмандарға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту, оларды елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Талдықорған қаласындағы

толығырақ

 

«Өшпес із қалдырған – Арыстар»

31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай С.Сейфуллин атындағы Алматы областық әмбебап кітапханасында сағат 10.00-де тұрақты оқырмандарға «Өшпес із қалдырған – Арыстар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

толығырақ

 

«Жырға тұнған мекенім - Жетісуым»

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 23 мамырда Тіл сарайында «Жырға тұнған мекенім - Жетісуым» атты Алматы облысы әкімінің қолдауымен 2017 жылы жарыққа шыққан кітаптарының тұсаукесері өтті.

толығырақ

 

«Хан батыр – Қаракерей Қабанбай»

2017 жылдың 18 мамыр күні Талдықорған  қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Каракерей Қабанбай батырдың 325 жылдығына орай өткен ғылыми-тәжірибелік конференциясына   С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері «Хан батыр – Қаракерей Қабанбай» атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырды.

толығырақ

 

«Тарихтың жан ауыртар ақиқаты»

16-мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен тарихымыздағы ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, өткенге салауат етіп, ұғыну мақсатында «Тарихтың жан ауыртар ақиқаты» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелері, тұрақты оқырмандар бір кісідей атсалысты.

толығырақ

 
Еще статьи...


Рейтинг Mail.ру